logo

Батыс Қазақстанда диализатор шығаратын зауыттың ашылуы кейінге қалдырылды

Ақтөбе облысында үш жылдан кейін диализаторлар шығаратын зауыттың іске қосылуы күтілуде. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте айтты.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, жобаны жүзеге асыруға 3,02 млрд теңге жеке инвестиция салынады. Зауыт 2026 жылы іске қосылуы мүмкін.

Жоба іске қосылған жағдайда кәсіпорында жылына 1 млн бірлік диализатор шығаруды жолға қою көзделіп отыр. Зауытта 70 жұмыс орны құрылады.

Бұған дейін жоба 2021 жылы қаржыландыру проблемаларына байланысты іске қосылмады және мерзімдер осы жылға ауыстырылды. Сол кезде нысанның ашылуы 3,7 млрд теңгеге бағаланды. Айта кетейік, бұл жобаның Қазақстанда және ТМД елдерінде баламасы жоқ.