logo

Грек-рим күресінің шебері Мерей Мәулетханов жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Мерей Мәулетханов ұлттық құрама қоржынына алғашқы медальді салды.

Қазақстандық балуан 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

Қола үшін өткен белдесуде отандасымыз ресейлік Данил Григорьевті айқын басымдықпен жеңді.

Дереккөз: Olympic.kz