Финляндия президенті Александр Стубб Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында өз үйінде «Астана» велокомандасының жейдесі құрметті орында сақталғанын айтты:
– Қазақстандықтардың қонақжайлығы ерекше есімде қалды. Әсіресе, Астанаға алғаш рет келгенімде (Сыртқы істер министрі ретінде — ред.) үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығудың сәті түсті. Олар маған кәдесый ретінде Александр Винокуровтың қолы қойылған « Астана » велокомандасының жейдесін сыйға тартты. Мен үшін өте құнды бұл жейде үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр.
Дереккөз: Ақорда














