logo

"Райм мен Еркенің жолын берсін". Танымал әнші өзінен 6 жас үлкен әрі бір ұлы бар келіншекке үйленді

Қарындасымен бірге дуэт айтып танылған әнші Ринат Шамшырақ әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі неке қиған сәтінен сурет салып, жазба жариялаған. Әншінің таңдауы өзінен 6 жас үлкен гример келіншекке түскен. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, Аружан есімді қалыңдықтың бір ұлы бар.

"Қош келдің өміріме. Шынайы тілек тілеп қойыңыздаршы, жақсылар" деп жазды әнші.

Желі қолданушылары "осындай жігіттерді түсінбеймін, жап-жас қыздар толып жүр ғой", "ажырасқан әйел бақытты болуға лайық емес пе сонда?", "дуалап қаратып алған шығар", "Ерке Есмаханның үлгісі халыққа берген","Райм мен Еркенің жолын берсін", "жүрекке әмір жүрмейді деген осы", "бақытты болыңыздар", "ұлың құтты болсын" деп жазды.