logo

ШҚО тұрғыны қасақана өрт қоймақ болып, мекен-жайды шатастырған

Енді шатасқан "кек алушыға" қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Шемонаиха аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны өз үйінің аумағындағы шаруашылық қораның өртенгені туралы хабарлаған .

Аталған факті бойынша "Өзгенің мүлкін қасақана өртеу арқылы жою немесе бүлдіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында 27 жастағы ауыл тұрғынының көршісімен болған араздықтың салдарынан оның мүлкін әдейі өртемек болғаны анықталған.

"Ол өзімен бірге бензин толтырылған пластикалық бөтелкені алып, шаруашылық құрылыстың ағаш қабырғасын өртеген. Алайда кейін ол мекенжайды шатастырып, қарсыласының емес, оның көршісінің қорасын өртеп жібергенін түсінген", — деп айтты полицияда.

Өрттің салдарынан 7 миллион теңгеден астам шығын келтірілді. Тілсіз жау 10-нан астам үй жануарының өліміне себеп болып, 20 тонна шөп, 5 тонна мал азығы және шаруашылық техникасы толығымен жойылған.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі