logo

Бидай мен жүгерінің бағасы түсті

Фермерлер күнбағыс тұқымы, жүгері және бидай бағасын төмендетті, деп хабарлайды LS.

Осы жылдың қазан айында ауыл шаруашылығы өнімдері өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда ел бойынша орта есеппен 1,7%-ға арзандады.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ең көп төмендеген күнбағыс тұқымдарының бағасы – 14%, жүгері – 10,2%, қарақұмық – 8,2%.

Содан кейін сәбіздің құны – 6,3%-ға, пияз – 4,7%-ға, рапс тұқымы – 4,3%-ға, қырыққабат – 3,8%-ға, қатты бидай – 3,5%-ға, мақсары тұқымы – 3,1%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, жабық қызанақ (-2,6%) және арпа (-4%) арзандады.

Алайда, ауылшаруашылық өнімдерінің бірнеше түрі, керісінше, қымбаттады: күріш – 7,2%, бұрыш – 6,2%, зығыр тұқымы – 4%, кәді – 4%, ашық қияр – 2,8%, бұршақ – 2,2%.

Сондай-ақ, өзгерістер мал шаруашылығы өнімдеріне де әсер етті. Фермерлер жылқылардың бағасын 3,9%-ға көтерді. Қойлар 2,8%-ға, ірі қара мал 2,6%-ға қымбаттады.

Шошқалар мен тауықтардың бағасы сәйкесінше 0,8% және 6,5% төмендеді.

Сүт (+3,7%) және жұмыртқа (+5,4%) қымбаттауда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, LS редакциясы Ресейдің Қазақстаннан астық, қызанақ, бұрыш және күнбағыс тұқымын әкелуге тыйым салғаны туралы жазған болатын. Фермерлердің бұдан қанша жоғалтатыны туралы инфографикада көрсетілген.