logo

Семейде мотоцикл автокөлікпен соқтығысқаннан кейін өртеніп кетті

Мопедтің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 17 жастағы жүргізуші басқарған мопед алдында қозғалып бара жатқан " ВАЗ-2115 " маркалы автокөлікке соқтығысқан. Қақтығыстың нәтижесінде мопед өртеніп кетті.

Мопедтің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Автокөлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда. Апат бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде, — деді баспасөз қызметінде.

Біздің редакцияға белгілі болғандай, оқиға орнында бағдаршам жұмыс істеген жоқ. Мопед жүргізушісі мен жолаушы медициналық тексерістен кейін, орташа және жеңіл жарақаттармен үйлеріне жіберілді.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі