logo

Абай облысында 40 мыңға жуық бала тегін тамақпен қамтылады ⠀

Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 1,2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. ⠀

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп, ас мәзірі бекітіліп жатыр. Мәзірде құрамында балалардың жасына, физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін тамақ өнімдері болуы тиіс. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қатар балабақшадағы көпбалалы отбасынан шыққан 5700 бала тегін тамақтанады, деп айтты Білім басқармасында.

Жұмыс барысын тексеру мақсатында мектептерде Абай облыстық білім басқармасының өкілдері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мен ата-аналар кіретін мониторингтік топ құрылады.

Сурет: ашық дереккөздерден