logo

Семейдің үздік жастары марапаталды

Марапатты жастар қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қолынан алды.

"Семей қаласында 80 мыңнан астам жас бар. Олар қоғамның әртүрлі саласында белсенділік танытып, туған қаламыздың дамуына аянбай еңбек етіп келеді. Жастарымыз – болашағымыздың негізі, жарқын күндерге деген сеніміміздің кепілі. 2024 жыл Семей жастары үшін табысты әрі жемісті жыл болды. Бұл – қаламыздың мерейін асырып, болашаққа үлкен үміт сыйлайтын жетістіктер".

"Жыл таңдауы – 2024" сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға және қаланың қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін табысталды. Биыл әкімнің сыйлығын алуға 50-ге жуық өтінім түсіп, ең үздік деп танылғандар арнайы комиссия шешімімен анықталды.

Қала әкімінің "Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін" марапатына ие болған жеңімпаздар:

  • Үздік студент – Қадырғазыев Нұрсұлтан Болатқазыұлы;
  • Үздік волонтёр – Дүйсенова Аяулым Асетовна;
  • Үздік жастар ұйымы – «Қазақстан Студенттерінің Альянсы», Абай облыстық филиалы;
  • Жылдың жас спортшысы – Исахан Аяна Жарасқызы;
  • Жас журналист – Мұратқали Назерке Бейбітқалиқызы;
  • Жылдың жас дарыны – Бычек Алина Андреевна;
  • Жас дәрігер – Сайдуалиев Дастан Насыржанұлы;
  • Жас ұстаз – Жұманова Айгерім Жұманқызы;
  • Жас қаһарман – Кәдірбеков Ерасыл Ержанұлы;
  • Жас еңбек адамы – Колмаков Иван Валерьевич;
  • Жас ғалым – Елемесова Гүлнұр Тайбекқызы;
  • Жас отбасы – Намысовтар отбасы.