Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы Ясмине Паолинимен өзара бақ сынасып, күтпеген жерден жеңіліс тапты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен өзара бақ сынасып, күтпеген жерден жеңіліс тапты.
Кездесу 2 сағат 5 минутқа созылды. Есеп – 6:3, 5:7, 6:3. Басымдық Паолинидің еншісінде.
Айта кетер жайт, Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда топ жарса, Паолини "Үлкен дулыға" додасының ширек финалына алғаш рет шығып отыр.
Бәсеке барысында Рыбакина 10 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Паолини 1 эйс, 7 брейкпен көзге түсті.
Сурет: ktf.kz