logo

“Сынайтындарың бар, қайғыны ортақтаса алмайтындарың бар үйлеріңде тыныш отырыңдаршы” - Блогер Ырысбала Икрамбай

Блогер Ырысбала Икрамбай жаназаға келіп дастарханды сынап кететін жандарды қатаң сынға алды.

Бұл туралы ол Instagram-дағы Stories-де хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Жаназаға келіп ең құрығанда соңғы сапарда өмірден өткен адамның жақсы қасиеттерін айтып, Құран бағыштап, дұға жасап отыруға болмай ма? әрі кетсе 2-3 сағат қана ғой. Талтайып тұрып алып темекі шегіп, палау жеп артынан көк шай сұрап, қатындар өткен-кеткен тойды айтып, ол тойға қанша теңгелік көйлек кигенін айтып жыртың-жыртың етіп. Сынайтындарың бар, қайғыны ортақтаса алмайтындарың бар үйлеріңде тыныш отырыңдаршы, сендер келмеді деп марқұм жер қабылдамай қоймас", — деп жазды блогер.

Сондай-ақ ол тойдағы проблемаларды да айтып өтті.

"Әсіресе оңтүстік жақ тойға келесіңдер, тілектеріңді айтасыңдар. Той конвертке бересіңдер, сосын неге кетіп қаласыңдар? Сол абырой ма әлде менсінбеушілік пе? Қандай әлемнің мәселесі шешілмей жатыр сенсіз? Біреудің шашылып, айлап, апталап дайындалған, армандап жасаған тойының тойханасының жартысын бос қылып. Той біреудің қызығы, сол қызықты сағат он екіге дейін бірге отырып тамашалауға, ортақтасуға болмай ма? Достар, көршілер тілекке шыққанда тойханада адам қалмайды ғой шіркін", — деп сөзін аяқтады блогер Ырысбала Икрамбай.