logo

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, оқушылар қашықтықтан оқуға көшті

"Астана — Что? Где? Когда?" Telegram-арнасының хабарлауынша, қала маңындағы барлық бағыттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Көктайғаққа байланысты келесі бағыттар уақытша жабылды:

  • Астана-Щучинск тас жолы;
  • Астана-Қорғалжын тас жолы;
  • Астана-Паводар тас жолы;
  • Астана-Астраханка тас жолы.

Сондай-ақ, көлік ағындары мен қоғамдық көліктердің жылдамдығы төмендейді. Автобус бағыттарында кідіріс орын алып, кей жерлерде қоғамдық көлікке қатынау қиынға соғады.

Сонымен қатар, елордадағы бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшуде.

Осыған дейін Астана қалалық полиция департаменті елорда тұрғындарына күтілетін қар жауып, көру мүмкіндігінің нашарлауына және көктайғаққа байланысты үндеу айтқан болатын.

Сондай-ақ, 5 желтоқсанда Астанада және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Сурет: Zakon.kz