Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне өтті. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы күшейтілген қызмет түріне көшірілді.
Осыған орай, ПД-ның басшысы Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонының бірыңғай саптүзеуін жүргізді.