logo

"Мерседесті молдалар ойлап шығарған": Желіге имамның уағызы тарады

Әлеуметтік желіде мерседес көлігін молдалар шығарған деген ақпарат тарады.

Бұлтуралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Діни адамның бұл мәліметі көптің күлкісін келтірді.

- Мерседесті Мұса алейхиссалам мен Иса алейхисаламның қауымынан шыққан шіркеудегі молдалар істеген. Бәрі діндар адамдар екен. Сонда олар айтқан екен. Темір кетсе кетсін, адам өлмесін деп. Жер бетінде қай президентті көрдіңіз тайота мініп жүрген. Немесе суғару, нексиа мініп жүрген. Жоқ, барлығы мерседес мінеді. Неге, өйткені оны молдалар ойлап шығарды. Темір кетсе кетсін, адам аман қалсын делі олар. Молдалар ойлағанда мініп жатыр президенттер. Себебі, адамға қауіпсіз деп, дейді әлдебір мешітте уағыз айтқан имам.

"Мыналарға жындыхана керек", "Лақсаң молдалардай лақ", "Молдалар соңғы кезде қыртып кетті", деп жазды оқырмандар.

Мерседестің шығу тарихы

Mercedes-Benz брендінің бергі тарихы— 1926 жылы немістің екі атақты автомобиль компаниясының бірі— Benz & Cie (1883 жылы Карл Бенц негізін қалаған) мен, Daimler-Motoren-Gesellschaft (1890 жылы Готтлиб Даймлер негізін қалаған) компаниялары бірігуінен басталады.
Бір концернге біріктірілген компания атауы алғашында Daimler-Benz деп аталып, кейінірек Daimler AG деп өзгертілген.
Бұ компанияның алғашқы басшысы Фердинанд Порше болған.
Кейін бұл атақты инженер өзінің Porsche автокөлігін құрастырғанын білеміз.

Ал, Мерседес атауы— 1897 жылы Австриялық атақты бизнесмэн Эмиль Эллинектің тапсырысына қарай Готтлиб Даймлер іштен жанатын екі цилиндірлі —6 ты аттың күші бар мотор орнатылған көлік құрастырады.
Бизнесмэн осы көліктің атауына—қызы Адриананың құрметіне— лақап есімі Мерседесті қойған!

Мерседес бренді қысқаша тарихы осы.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02Byi2LTmJQR8Y11RLUm33fTWADUZF9iPKuMydkLsfRScn5181q3C3GY6Z6CHsQb4Ql&id=100001004867066&mibextid=Nif5oz