logo

Қазақстанда газ өзіндік құнынан төмен сатылады


Тауарлық газдың бекітілген көтерме құны Қазақстандағы нақты бағадан едәуір төмен. Бұл туралы LS-ке QazaqGaz компаниясында хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта тауарлық газды жеткізу құны ел бойынша орташа алғанда бекітілген орташа көтерме бағадан 60%-ға артық.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, компания ішкі нарықта газ сатудан 175 млрд теңге көлемінде шығынға ұшырады.

Компания көгілдір шикізаттың ықтимал тапшылығы туралы айта келе, бұл көрсеткіш ішкі тұтынудың өсу қарқынына және отандық жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан тауарлық газ жеткізудің тұрақтылығына байланысты екенін атап өтті.

Болжалды тапшылық импорттық ресурстармен жабылуы мүмкін. Ұйым орта және ұзақ мерзімді перспективада тауарлық газ тапшылығын болдырмау үшін кешенді шаралар қабылданғанына сендірді.

Оның ішінде жаңа кен орындарын игеруді, жаңа кен орындарын салуды және қолданыстағы газ өңдеу және газ тасымалдау қуаттарын реконструкциялауды, импорттық ресурстарды ұлғайтуды және т.б. қоса алғанда, тауарлық газ ресурстарын ұлғайту жоспарлануда.

Бұған дейін, QazaqGaz Қазақстанның ресейлік газға тәуелді болуы туралы айтқан болатын.