18 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Елдің тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты болжанады. Онымен жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялап отыр.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысыныңоңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында тұманды болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында – тұман, тау асуларында жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысында көктайғақ болады. Өңірдің басым аумағында тұман байқалады.
Шымкент қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігі мен шығысында – көктайғақ, батысында, солтүстігі мен орталығында тұман болжанады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен жел соғады, өңірдің оңтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысы мен солтүстігінде – бұрқасын, өңірдің оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.