Бұл туралы Білім министрлігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы хабарламасында айтылған.
Мектеп оқушыларының қысқы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізу кезінде басқарма іс-шаралар жоспарына "Бірыңғай білім беру бағдарламасын" негізге алуды ұсынады.
Іс-шаралар жоспары мыналарды қамтиды:
- жоғары сынып оқушыларымен және ата-аналармен бірлесіп ғылыми жоба жұмысының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыру, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;
- "Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру аясында "Кітап оқитын адам – табысты адам" тақырыбында оқырмандармен кездесу және оқылған әдебиеттерді талқылау;
- "Ұлттық мектеп лигасы" жобасы негізінде оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында білім беру ұйымдарымен бірлесіп "Ұлттық ойын – ел қазынасы" спорттық ойындарын өткізу;
- "Оқу мектебі" жобасын жүзеге асыру мақсатында "Мен оқыған ертегі", "Адалдық туралы" тақырыптарында оқушылармен әңгімелесу;
- "Ата-ана мектебі" жобасын жүзеге асыру аясында "Қыз намысы – ұлт намысы", "Бала тәрбиесіндегі әкенің орны", "Дарынды отбасылар" тақырыптарында ата-аналар жиналысын өткізу;
- құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
Қорытындылай келе, аталған іс-шаралар әдістемелік ұсыныстар ретінде білім беру ұйымдарына жіберілетіні айтылды.
Бізді қаңтарда екі мереке күтіп тұр — Жаңа жыл және православиелік Рождество. Жаңа жыл үшін қаңтардағы демалыс күндері өте қысқа — 1 және 2 қаңтар. 3 қаңтар жұмыс күні. 2024 жылы Рождество күні жексенбіге сәйкес келеді, бірақ кейінге қалдыру күтілмейді.
Сурет: unsplash