logo

Денис Теннің ескерткішін бұзақы ойрандап кетті

Алматыда спорт шебері Денис Теннің ескерткішін бұзақы ойрандап кеткен.

Ол ескерткіштің қабырғасына жазба қалдырған. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазыпты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Qazaqstan.tv — ге сілтеме жасап.

"Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады", — делінген Qazaqstan.tv ақпаратында.

Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам, психоневрологиялық есепте тұрады.