logo

Алматыдағы саябақтардың біріне Ататүрік атауы берілмек


Алматы қаласындағы атауы жоқ саябаққа Ататүріктің есімі берілмек.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шешімді қала әкімі мен мәслихат депутатары бірлесе қабылдаған. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

"Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, "Халық банкі" мен "Almaty Theatre" ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін", – делінген шешім жобасында.

Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Шешім жобасы 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.