logo

Қайыңдыға барар жолда туристер мінген көлік жол апатына ұшырады

Қайыңды көліне бара жатқан жолда оқыс оқиға салдарынан төрт шетелдік турист зардап шекті.

Бұл ақпаратты Алматы облысы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев растады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-не сілтеме жасап.

"Осы апаттан төрт шетелдік турист зардап шекті — екі ресейлік және екі Үндістаннан келген турист. Олар жеңіл жарақаттанған. Жол-көлік оқиғасынан кейін бірден жедел жәрдем көлігімен Жалаңаш ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, тексеріліп, көмек көрсетілді", — деді Теңізбаев.

Оқиға орнында 1986 жылы туған әйел қаза тапқаны белгілі болды.