logo

Енді WhatsApp-та чаттар мен фотоларды сақтау ақылы болады

Енді WhatsApp мессенджеріндегі хат-хабарлар мен файлдар Google Drive бұлтына орналасады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы деп Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

WhatsApp-тың ресми сайтының хабарлауынша, егер пайдаланушы алдағы айларда чаттардың резерв көшірмесін Android құрылғысында жасаймын деп шешсе, көшірме Google-дың лимитіне есептеледі.

"Егер жад шегінен асып кетсеңіз, резерв көшірме жасауды жалғастыру үшін Google-дың есеп жазбасынан орын босатуыңыз керек", — делінген хабарламада.

Бета нұсқасын пайдаланушылар үшін өзгерістер 2023 жылдың желтоқсан айында күшіне енетіні және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Android платформасындағы WhatsApp пайдаланушыларына біртіндеп енетіні атап өтілді.