logo

Абай облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған

Абай облысының полицейлері есірткі сақтаған адамды ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесқарағай ауданының криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп, Жыланды кентінің 32 жастағы тұрғынын ұстады. Тұрғын үй тінту барысында ерекше иісі бар қара-жасыл түсті өсімдік тектес заттары бар бес полиэтилен пакет, көміртегі бар 2 пластикалық бөтелке табылды.

Сараптама нәтижелері көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы -78,18 гр болатын "кептірілген марихуана" есірткі құралы болып табылады.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп хабарлады Абай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Тілек Қамза.


ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі