Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 13-қыркүйекте бөлімге 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті туралы хабарлама келіп түскен. |
Осы факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсауының себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін облыстың прокурорлары адамдардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жиілегенін хабарлаған еді. Олардың дерегінше, аймақта күн сайын орта есеппен 2 суицид жасалады. Өткен жылы мұндай деректердің көбі Ақтөбе қаласында (143), Мұғалжар (5), Шалқар (4), Мәртөк, Әйтеке би (3-тен) аудандарында тіркелген.