logo

Еліміздің екі өңірінде аптап ыстық болады деп болжанады

Болжамға сәйкес, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады.

"Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжушы атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипатын сақталады: жаңбыр жауады, солтүстік, шығыс, орталық, оңтүстік-шығыс өңірлерде, таулы аймақтарда , тау бөктерлерінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, нөсер жаңбыр жауады. Республикамыз бойынша жел екпін алады деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, Атырау облысында, БҚО-ның солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, Жамбыл өңірінің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің оңтүстік-батысында, ШҚО-ның оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының батысында, Жетісу өңірінің солтүстігінде, Павлодар облыстарының шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Ал Маңғыстау облысында, Атырау өңірінің оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан өңірінің шөлейтті аудандарында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін алдағы үш тәулікте – 2024 жылдың 18-20 шілде аралығында қолайсыз ауа райы Қазақстанның басым бөлігінде сақталатыны хабарланған болатын.

Сурет: pixabay