logo

"Болашақ жарым Париж олимпиадасына барады": Абиба Әбужақынова сүйіктісі туралы бар шындықты айтты

Дзюдошы Абиба Әбужақынованың болашақ күйеуі туралы айтқан видеосы желіде қызу талқыға түсті.

Бұл туралы ол "Өмір көркем" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жеке өмірім әзірше тыныш. Париж олимпиадасына дайындалып жатырмын, жарты жылдан аз уақыт қалды. Сол үшін бүкіл ойымды спортқа арнап жатырмын. Себебі, қазір жарысқа барған соң міндетті түрде медаль алып келу керек. Сол үшін жұмыс істеп жатырмыз", — дейді ол.

Спортшы сұхбатта жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап бермеуге тырысқанымен, жігіті туралы бар шындықты айтып қойды.

"Бұйырса, болашақ жарым Париж олимпиадасына баратын шығар. Аты — Руслан. Дзюдошы Руслан Мұсаев", — дейді Абиба Әбужақынова.

Дзюдодан Қазақстан чемпионы, ұлттық құраманың мүшесі Руслан Мұсаев 2023 жылы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанған. Спортшы Ақтау қаласында туылған.

Желі қолданушылары қос ғашыққа игі тілектерін жарыса жазуда.

"Қарындасым, бақытты бол. Өте жақсы қыз", "Бақытты болыңдар", "Біз сендерге сенеміз, жеңіс тілейміз", "Русланмен бақытты бол", "Ақкөңіл екен, бәрін айтып қойды", — деп жазды олар.