logo

Қазақстан уранды ұзақ мерзімді жеткізу туралы Қытаймен келісімге келді


"Қазатомөнеркәсіп" China National Uranium Corporation Limited компаниясымен уранды ұзақ мерзімді жеткізу туралы келісімшартқа отырды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық компанияның мәліметінше, бұл Қытайдың таза, көміртексіз электр энергиясына деген қажеттілігінің артуын қамтамасыз етеді. Екі ел арасындағы атом саласындағы ұзақ мерзімді қатынастар да нығая түспек.

CNUC компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қою Шанхайдағы China International Import Expo 2023 көрмесінде 2023 жылдың мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысында бұрын мақұлданған мәміле аясында өтті. Келісімшарттың көлемі мен коммерциялық шарттары құпия және коммерциялық тұрғыдан көпшілікке жария етілмейді.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанның уран саласын қалай дамытатынын туралы ақпарат жариялаған болатын.

*China National Uranium Corporation Limited-China National Nuclear Corporation компаниясының еншілес ұйымы.