logo

Азия ойындары: Қазақстанның қоржынына сегізінші алтын түсті

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіханов құраманың сегізінші алтын жүлдегері атанды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengri Sportқа сілтеме жасап.

22 жастағы қазақстандық 75 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, қазақстандық делегацияға алтын әкелді: финалдық белдесуде иорданиялық каратэші Хассан Масарведен (8:0) басым түсті.

Еске сала кетейік, жартылай финалдық кездесуде Нұрқанат Әжіханов қарсыласы малайзиялық Рагхонатхан Шармендранды жеңген болатын. Нұрқанаттың еншісінде бұған дейінгі Азия чемпионатындағы үш алтын, әлем чемпионатындағы екі қола медалі бар.