logo

Ертең Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 30 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте — найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Ал, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болса, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады деп күтілуде.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +19+21°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С.