Алматыда екінші метро желісін салу үшін қажет жер учаскелері анықталды. Жер қатынастары басқармасы LS редакциясына сол тізімді ұсынды.
Басқарманың мәліметі бойынша, әкімдік екінші метро желісінің инфрақұрылымын салу мақсатында жер учаскелерін немесе басқа мүлікті мәжбүрлеп алу туралы шешім қабылдады.
Метро желісі "Жібек жолы" станциясынан Алматы халықаралық әуежайына дейін созылады.
Тізімге сәйкес, 90-нан астам жер учаскесі алынуға жатады. Олар Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарында орналасқан.
"Аталған жер учаскелерінің нақты мақсатты пайдаланылуы құжаттар жинау және қаулыны іске асыру барысында анықталатын болады",- деп хабарлады басқармада.
LS оқырмандары төменде көрсетілген тізіммен таныса алады.
Бұған дейін, LS редакциясы хабарлағандай, Алматыдағы жаңа метро станциясы жазға дейін пайдалануға берілуі мүмкін.











