logo

Қазақстанда тағы бір мұнай өңдеу зауыты салына ма

Ұлытау облысында мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) салу жоспарланған. жобаның жүзеге асырылу кезеңін туралы LS тілшісінің материалында.

Редакцияның ресми сұранысына жауап ретінде өңірлік әкімдікте МӨЗ құрылысына инвестор іздестіріліп жатқанын хабарлады. Жобаның құны 480 млрд теңгеге бағалануда.

Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 1 млн тонна өнім өндіруге есептелген. Мұнда бензин, дизель отыны, авиациялық керосин, мұнай коксы, мазут, битум шығару жоспарланып отыр.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұған дейін зауыт құрылысы бойынша қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізілген. Сондай-ақ, инвесторлар кәсіпорынды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жеке жылу электр орталығын (ЖЭО) салу мүмкіндігін қарастырған. Жобаны жүзеге асыру үшін энергетика министрлігінің 1 млн тонна мұнай бөлу туралы келісімі қажет болған.

"Министрліктің мәліметінше, көрсетілген көлемдегі мұнайды бөлу мүмкін емес, себебі шикізат тапшылығы байқалуда. Осыған байланысты шетелдік инвесторлар жобадан бас тартты. Қазіргі таңда инвесторлар іздестірілуде және шикізат алу жолдары қарастырылуда", – делінген ресми жауапта.

Айта кетейік, бұл жобаны жүзеге асыру Ұлытау облысын дамыту жөніндегі 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында қарастырылған.