logo

Жел күшейіп, қар түседі: Қазгидромет бүгінгі ауа райына болжам жасады

17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазгидромет ел аумағында 17 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар түсуі мүмкін. Еліміздің батысында қар қалың жауып, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі», — деп жазды ведомстводан.

Республиканың тек солтүстік, шығыс өңірлеріне антициклон сілемі әсернен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз сақталады.

ҚР бойынша желдің күшеюі болжануда.