logo

Абай облысында балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірді

Қазіргі уақытта ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 10 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 5016-сы Семей қаласына тиесілі. Балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірген.

1-сыныпқа қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету "Электронды үкімет" (egov.kz) веб-портал арқылы электронды форматында жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, мектептер дайындық деңгейіне қарамастан барлық білім алушыларды қабылдауға дайын. Сондай-ақ, балаларды тек шағын аудандағы мектепке ғана емес, басқа кез-келген мемлекеттік мектепке тіркеуге болады.

Сурет: ашық дереккөздерден