logo

Семейде автобус өртенді

Абырой болғанда, өрт соңғы аялдамаға келгенде басталды.

Белгілі болғандай Холодный ключ ауданындағы Текстильная көшесінде, аялдамаға келгенде автобустан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде автобустың барлық бөлігін от шарпыған.

"ТЖМ қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында өрт 24 ш.м. аумақта толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", — делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Сурет: видеодан скриншот