Кентау жылу электр орталығындағы төрт қазандық түгел өшіп қалды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні сағат 20:16-да ЖЭО-да электр жүйесіне қосылатын электр беру желілері істен шыққан кезде төрт қазандық та өшіп қалған. Сағат 20.34-те режим қалпына келтірілді.
Сондай-ақ басқарма жылу электр орталығындағы № 5, 6, 7, 12 қазандықтардың жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.
"№8, 11 қазандықтарды жөндеу жұмыстары 58 пайызға орындалды. Жөндеу жұмыстарын 20 желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр. №9, 10 қазандықтарды жөндеу жұмыстары 50 пайызға орындалды. Жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың 30 наурызында аяқталады деп күтілуде. Жылу желілерінің кестесі 70/45, нақты 68/440С", — делінген хабарламада.