Олар 2024 жылдың 15 маусымында күшіне енді, деп еске салды департамент.
Олар 2024 жылдың 15 маусымында күшіне енді, деп еске салды департамент.
"Жаңа жеке куәлік қосымша деректерден тұрады : жеке куәліктің көрнекі аймағында орналасқан иесінің азаматтығы мен жынысы туралы ақпарат. Бұрын бұл ақпарат жеке куәлікке салынған чипте болған", — деді ІІМ.
Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығыстарды талап етпейді және қазақстандықтар қазіргі уақытта жаңа құжаттарды беру үшін төлейтін мемлекеттік баж сомасына әсер етпейді (2024 жылға мемлекеттік баж салығы 738,4 теңге).
Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер өз күшін сақтайды.
"Қазақстан азаматтары жаңа үлгідегі жеке куәліктерді, егер алдыңғысының жарамдылық мерзімі өтіп кетсе немесе басқа да себептермен жарамсыз деп танылса, ауыстыру туралы өтініш беру арқылы ғана алады. Яғни, бір мезгілде жаппай ауыстыру болмайды", — деп атап өтті Ішкі істер министрлігі.
Бұған дейін жаңашылдықтар туралы айтқан Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Анар Амантайқызы жаңа жобаның осы жеке басын куәландыратын құжаттарды ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты әзірленгенін түсіндірді. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңда туу туралы куәлікті қоспағанда, барлық құжаттарда азаматтығы мен жынысы туралы мәліметтер болуы керек.
Сурет: gov4c.kz